Оқиғалар

Шекараны тастап кеткендер жауапқа тартылмайды

Биылғы 18-маусымда Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараны тастап кеткен 11 сарбаз жәбірленуші деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Шекараны тастап кеткендер жауапқа тартылмайдыБұл туралы бүгін Бас әскери прокуратураның аға әскери прокуроры Жеңіс Темеков мәлім етті.

– Қашып кеткен 11 сарбаз өздеріне күш көрсетілгендіктен, іс бойынша зардап шегуші ретінде саналады. Сондықтан оларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін жоққа шығару туралы шешім қабылданды. Керісінше, олар іс барысында жәбірленуші болып отыр, – деді ол.

Естеріңізге салсақ, «Терісайрық» заставасында әскери қызметін өтеп жүрген 11 сарбаз өз еріктерімен, ешқандай қару-жарақ алмастан күзет орнын тастап кеткен болатын. Кейін олар шекара заставасынан 18 шақырым жерден табылған. Борышын өтеп жүрген сарбаздар заставадағы келісімшартпен жұмыс істеп жүрген әскерилерден жәбір көргендіктен осылай істегендерін айтқан-ды. Көп ұзамай бұл іске қатысты Өскемен қаласы әскери сотының үкімімен әскери гарнизонның айыпталушылары Әнуар Хамитов, Ербол Тұрдағұлов және Жігер Қаженов уақытша 2 айға бас бостандықтарынан айырылған. Енді олардың ісі Бас әскери прокуратураға жіберілді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button