Тәуелсіздік - 30

Шекараны шегендеген кемеңгер

Александр Пушкин, ағылшындар үшін Уильям Шекспир, немістер үшін Иоганн Гете, американдықтар үшін Уолт Уитман қаншалықты ұлы болса, қазақ үшін де Абай дәл сондай ұлы тұлға, рухани көсем болып саналады» дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Адамзат тарихы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстанға деген көңілі мен құрметі ежелден-ақ ерекше бөлек. Тұңғыш Президентіміз «Осы қасиетті өлкеден елімізді бүкіл әлемге әйгілеген дарынды тұлғалардың тұтас бір шоғыры өсіп шықты!» деп бірнеше мәрте атап көрсеткен болатын.

Әлбетте, ең алдымен бұл өлке – қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың кіндік қаны тамған туған жері. Оның өмірі мен шығармашылығы өткенді болашақпен байланыстырған алтын көпірге айналып отыр. Біздің Тұңғыш Президентіміздің ұлы ақынның шығармашылығынан шабыт алып, хакімнің мұрасын қайталай оқи келе, көптеген қоғамдық құбылыстарға қатысты бірегей ой түйіп отыратыны белгілі.

«Орыстар үшін бұл дүниеге ұлы адамдардың кездейсоқ келмейтінін бірнеше рет көрсетіп, дәлелдеп келеді. Олар әдетте дәуірлер түйіскен тұста, өзгерістер кезінде туады. Ұлтымыздың, қазақ руханиятының символына айналған ұлы Абай да осындай алмағайып кезеңде дүниеге келді. Ұлы ойшылдың өшпес мұрасынан шабыт алған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ғасырлар тоғысында әлемдік аренадағы айтулы тұлғаға айналды.

– Мемлекет халықаралық деңгейде танылуы үшін оның шекарасы заңды түрде бекітілуі тиіс. Бұны «шекараны делимитациялау» деп атайды. Мен ол кезде Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет етіп жүрдім, сондай-ақ шекараны межелеу жөніндегі тиісті комиссияны да басқардым. Қытай Халық Республикасының сол кездегі басшысы Цзян Цземинь мырзамен өткен аса бір маңызды кездесу әлі есімде. Айтпақшы, ол орысша өте жатық сөйлейтін. Міне, осы жүздесу барысында Қытай көшбасшысының Елбасымызға деген зор құрметін байқадым. Тар құрамдағы кездесуге, яғни екі Президент пен бірнеше Үкімет өкілдерінің басқосуына қатысу бақыты маған да бұйырды. Әлгі жерде Цзян Цземинь бізге қарап: «Мен делимитация шартына тек Нұрсұлтан Назарбаевқа деген өзімнің жеке құрметім үшін ғана қол қоямын. Егер сіздер өз тараптарыңыздан, яғни қазақ тарапынан делимитация процесін жылдамдатпасаңыздар, мұндай мүмкіндікті ендігәрі ешқашан ала алмайсыздар» деп қадап айтты. Қытай Халық Республикасы басшысының бұл тарихи сөзі оның Елбасына деген терең құрметі мен ілтипатын айғақтайды. Мемлекеттік шекарамыздың заңды әрі өзара тиімді түрде және бейбіт жолмен шегенделуі ең алдымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен сарабдал саясатының жемісі деп білемін, – деп еске алады аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Ержан Әбіш

 

Осы айдарда

Back to top button