Агросектор

Шаруаларды қолдау биыл да жалғасады

Азамат Темірбеков

 Биыл өңір шаруаларының инвестиция бойынша  шығыстарының бір бөлігін субсидиялауға 8,7 миллиард теңге бөлінді.

Соңғы уақытта инвестициялық жобаларды іске асыру және агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын несиелеудегі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары бірқатар деңгейде кеңейгені белгілі. Осындай қолдаулардың бірі – инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі  шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау. Жалпы, биыл облысқа осы мақсатта 8,7 млрд теңге бөлініп, ал инвестициялық субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдау ақпан айының алғашқы күнінен бастап жүзеге асырыла бастады.

Бүгінгі таңда аталмыш бағыттың Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты «GOSAGRO.KZ» жүйесіндегі қаражатты игерудің жоспарланған сомасы 266 мың теңге болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, бүгінгі күні агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ төрт түлікті, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға ағымдағы жылы облысқа 6,3 млрд теңге бөлінген. Бұл бағдарлама бойынша қаражат тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтініштер түспеген.

Осы айдарда

Back to top button