Білім

Үш жаңа мектеп есігін айқара ашады

Пандемияға қарамастан жаңа оқу жылы өз уақытында басталады. Облыс әкімі Даниал Ахметов осы жылдың қыркүйек айында өңірде үш бірдей жаңа мектеп өз есігін айқара ашатынын айтты.

Біріншісі қазақ халқының ұлы ойшылы және ақыны Абайдың 175 жылдығына орай Абай ауданының Қарауыл ауылында пайдалануға беріледі. Қарауылдық балалар жаңа оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық заманауи мектепте білім алатын болады.

Сондай-ақ, Өскеменнің іргесіндегі Ахмер ауылында да 1 000 орындық жаңа білім ошағының ашылуын тұрғындар көптен күтіп жүрген. Олардың да арманы биыл орындалатын болды.

-Ал Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жоспарланған 600 орындық мектептің де құрылысы қыркүйекте аяқталып,  оқушыларды қабылдайды. Бұл әскери бейінді білім ордасы болады, бізде ондай тәжірибе бар. Мектептің 300 орынға арналған интернаты болғандықтан ол жерде облыстың барлық аудандары мен қалаларынан көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары оқи алады, – деді облыс әкімі.

Айна Ескенқызы

 

 

Осы айдарда

Back to top button