Білім

Үш оқушы үздік атанып қайтты

Үш оқушы үздік атанып қайтты

Семей мен Өскемен қалаларының оқушылары Мәскеуде өткен «Математика және жобалау» атты халықаралық білім байқауына қатысып қайтты.

Жас дарындар «Қоғам және табиғаттағы нақты процестердің математикалық модельдері», «Геометриялық миниатюралар», «Математика және өнер», «Математика тарихы», «Математика ғылымы», «Электрондық тақырыптық журнал» тақырыптары бойынша білімдерін сынға салған көрінеді.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының мәліметіне қарағанда, ғылыми байқауға Ресей, Болгария, Белоруссия және Қазақстаннан 300-ден астам оқушы жиналған. Оған біздің облыс атынан алты оқушы қатысып, қорытындысында оның үшеуі жүлделі орынды иеленген. Олар: Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Дана Әміренова мен осы қаладағы №38 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Сабина Каримова және Семейдегі экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Әли Сәлменбаев.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button