ЖаңалықтарОқиғалар

Үшінші қабаттан құлап кетті

Бір жарым жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті. Оқыс оқиға Алтай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Белгілі болғандай, бала терезеге маңайында тұрған диван арқылы өрмелеп шыққан. Алайда, терезедегі москит торына сүйенбекші болған бүлдіршін абайсызда төмен қарай құлап кетеді.
Абырой болғанда, бала тірі қалыпты, қазір ол ауруханада жатыр. Мамандар бүлдіршіннің өмірін пәтер терезесінің астындағы дүкеннің күнқағары сақтап қалғанын айтады.
Бұл биыл облысымызда тіркелген дәл осындай бірінші оқиға. Ал еліміз бойынша жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетіпті. Құтқарушылар оқыс жағдайлардың алдын алу үшін кішкентай балалары бар үйлердің терезелеріне арнайы құлып пен темір тор орнату керектігін ескертуде.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button