Білім

Үш мектеп-интернат штатты режимде оқиды

Облыстағы он екі мамандандырылған білім беру ұйымының тек үшеуі ғана жаңа оқу жылын штатты режимде бастайды. Қалған тоғыз білім мекемесінде сабақ қашықтан оқытылады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында мәлім етті.

Мамандандырылған мектеп-интернаттарда барлығы 1633 бала дәріс алса, облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат және «Ақ ниет» мектеп-интернатының 170 тәрбиеленушісі барлық санитарлық сақтандыру талаптарын қатаң сақтай отырып, оқу жылын мектеп қабырғасында бастайды.

Ал 1 463 бала үйден қашықтықтан оқытылады. Бұл білім мекемелерінде де кезекші сыныптар жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button