Білім

Үш мамандық бойынша дәріс алады

Биыл Курчатов қаласында алғаш рет Семей электртехникалық колледжінің жанындағы оқу-консультативтік орталығына қабылдау жүргізілуде. Бүгінге дейін үш мамандық бойынша білім алатын талапкерлердің 80 пайызы қабылдау емтихандарынан сүрінбей өтті.

Үш мамандық бойынша дәріс аладыҚаланың үш мектебінде кәсіптік бейімдеу жұмыстары жүргізіліп келетініне қарамастан, Курчатовта осы күнге дейін кәсіптік-техникалық оқу орындары болмаған. Қалалық білім бөлімінің мамандары хабарлағандай, бірінші қыркүйектен бастап Курчатовта оқу-консультативтік орталығы ашылмақ. Бұл жерде автоматтандыру және басқарушы, ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылар, автоматтандырылған жүйе мен есептеуіш техниканың бағдарламалық жасақтамасы мамандықтары бойынша білім беріледі. Аталмыш мамандықтар жайдан-жай таңдалынып отырған жоқ, қазір қалада дәл осындай қызметкерлердің тапшылығы сезілуде.

Бұған қоса, облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша, қаладағы бір ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, 2015 жылы онда 200 орындық оқу орны мен 150 адамға шақталған жатақхананы ашу жоспарланған. Қазір аталмыш білім ордасының құны 8,5 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Жаңа оқу орнында құрамына Ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері кіретін жоғары кәсіби мамандар дәріс оқитынын ерекше атап өткен жөн.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button