Оқиғалар

Үш көше бірдей өртке оранды

Күршім ауданы, Теректі ауылында үш көше бірдей өртке оранды. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәлімдеуінше, түнімен лаулаған тілсіз жау таңғы 6-да әрең ауыздықталған.

Үш көше бірдей өртке орандыӨрт күндіз басталыпты. 11 үйдің ауласы жанып, 470 шаршы метр аумақ жалын құшағында қалған. Жаз бойы жиналған, үй аулаларында тұрған 70 тонна шөп өртеніп, бір трактор жанып кетті.

Тілсіз жауды тоқтатуға облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі өрт сөндіру қызметінің 4 техника бірлігі мен жеке құрамның 20 адамы жұмылдырылған. Сонымен бірге, 2535 әскери бөлімінен 20 адам, ауылдық округтің 50-ден астам тұрғыны мен техникалары өрт сөндіруге қатысты.

Қазір арнайы мамандар өрттің шығу себептерін анықтау үстінде. Сонымен бірге, тілсіз жаудан келген залал мөлшері де есептелініп жатыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button