Мәдениет

Сейсенбаев студенттермен сырласып қайтты

Белгілі қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев пен атақты қырғыз режиссері Болат Шәмшиев Қазақстан-Американ еркін университетінің студенттерімен жүздесіп, өскемендік жастарды халықаралық Абай клу-бының қолдауымен жарық көретін «Аманат» журналымен таныстырды.

Сейсенбаев студенттермен сырласып қайттыЖалпы бұл білім ордасында «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында соңғы 4 жылда көптеген әдеби-мәдени шараларды ұйымдастырып келеді. Белгілі жазушымен болған кездесу де – соның дәлелі. Университет кітапханасына журналдың бірнеше нөмірін табыстаған Роллан Сейсенбаев студенттерді толғандыр-ған көптеген сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі күні өзекті болып отырған қоғамдық мәселелер де кездесу алаңының тақырыптарынан тыс қал-ған жоқ.

– Өмірдегі ең басты нәрсе – қарым-қатынас, яғни адаммен адам болып қатынасу. Сондықтан әрдайым дос бола біліңдер, достықты бағалай біліңдер. Сосын, ең қымбат нәрсе – уақыт. Уақытты бағалап, оны игілікті іске жұмсаңдар, кітап оқыңдар. Қайран жастық шақтың әр минуты қымбат, оны интернетке жұмсамаңдар, өз жүректеріңнің үнін тыңдаңдар, – дейді Роллан Шәкенұлы.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button