Сервистік әкімдікке келетіндер көп
Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров «Antikor Live» жобасы аясында өткізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде тікелей эфирге қатысты.
Тікелей эфир барысында Жарқынбек Борашұлы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде Абай ауданында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
2019 жылдың желтоқсан айында Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында «open space» форматында «Ашық әкімдік» фронт-офисі ашылып, аталған фронт-офис 2020 жылдың маусым айында сервистік әкімдік болып қайта жаңғыртылғандығын мәлім етіп, оның жұмысына кеңірек тоқталды.
Сервистік әкімдікте тіркеу орны, мемлекеттік қызметтерді бір жерден көрсететін, кеңестер беретін арнайы орындар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, күту орны, балалар ойын алаңы, Брайл шрифтімен «Ашық әкімдік» фронт-офисі жайлы орналастырылған ақпарат, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына (оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар) арналған сенім жәшігі, заман талабына сай QR-kod орнатылған мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және өтініштерін қарау жөнінде ақпараттар орналастырылған арнайы стендтер орналастырылғандығын жеткізді.
Аудан халқының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тегін құқықтық кеңес беру жөніндегі «Adal komek» жобасының жұмысы, «open space» форматына көшірілген мемлекеттік органдар жайлы толығырақ ақпарат берді. Сұхбат барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі мемлекеттік талдау жұмыстары ауылдық округ әкімдіктерінде және дербес бөлімдерде жүргізіліп отыратындығын хабарлады. «Ашық бюджет» жобасы бойынша тұрғындар үшін бюджеттің ашықтығын, есептілігін, қолжетімділігін жеткізді. Сондай-ақ жұртшылық сұрақтарына жауап берді.
«Didar» ақпарат