Antikor LiveТОП

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына шақырады

DIDAR ақпарат

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына шақырады.

26 мамыр күні сағат 17:00-де Өскемен қаласында Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде (Қазақстан көшесі, 55) «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат облысымыздың үздік заңгерлерінен, мемлекеттік мекемелердің басшыларынан қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар. Яғни, азаматтар бір орында, тегін жеке мәселелеріне жауап ала алады.

Акцияны ұйымдастырушылар – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 мыңнан астам азамат консультация алды.

Осы айдарда

Back to top button