Білім

Семейлік екі оқушы дүние жүзілік додада үздік атанды

Семейлік екі оқушы дүние жүзілік додада үздік атанды

Математикадан халықаралық SAT емтиханында Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі оқушысы әлем бойынша үздік деп танылды. Бұл оқу орнының оқушылары осылайша өткен жылғы үздік нәтижені қайталап отыр.
Халықаралық SAT тестілеуі дүниежүзі бойынша бір күнде, бір уақытта, тек қана ағылшын тілінде өткізіледі. Сынаққа әлемнің бірнеше елінен мыңнан астам жоғарғы сынып оқушылары қатысқан. Бұл жолы Назарбаев зияткерлік мектебінің жеті оқушысы бақтарын сынап көрді.
Осы сынақ нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары Жәнібек Әли мен Тілес Өсербаев математика пәнінен ең жоғары 800 ұпай жинаған. Оларды ағылшын тілінде берілген математика сұрақтарына ұстаздары Майкл Малутши дайындаған. «Бұл біздің оқушылардың әлем бойынша білім деңгейі жоғары екендігін дәлелдеді. Мектептің де мәртебесін көтерді. Оған қоса, Қазақстан үшін де бұл үлкен мақтаныш, зор жетістік деп санаймын», – дейді ұстаз. Жәнібекке бұл жеңісі болашаққа тамаша жолдама алып берді. Енді ол Гарвард, Оксфорд, Кембридж секілді ең үздік оқу орындарында тегін білім алу құқына ие болып отыр. Жәнібектің айтуынша, бұл сынақтың өзіндік қиындығы болған, ағылшын тілін терең меңгеру қажет екен. Ол тоғызыншы сыныпқа дейін барлық материалдарды қазақша талқылап үйренген. Сондықтан да ағылшын тілінде тест тапсыру оған оңай соқпағаны рас. Дегенмен, семейлік оқушылар білімдерін дәлелдеп шықты.

Раушан Нұғманбекова
Семей

Осы айдарда

Back to top button