Білім

Семейден Сыр еліне аттанды

Наурыздың 13-15-і күндері Қызылорда қаласында өтетін «Абай күндеріне» Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің факультет деканы, профессор Арап Еспенбетов бастаған бір топ азаматтар аттанды.

Семейден Сыр еліне аттанды– Бұл сапар Абайдың, Шәкерім мен Мұхтардың әдеби мұрасын насихаттауды, игі дәстүр сабақтастығын жалғастыруды көздейді, – дейді университет ректоры Шәріпбек Әмірбеков.

Шығармашылық-ынтымақтастық байланыс орнатуды мақсат тұтқан топ құрамындағы кафедра меңгеру-шісі Рүстем Жақсыбекұлы, Абай қорық-
мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Семей тарихына қатысты тақы-рыптарда дәрістер оқымақ.

Оған қоса Семей тарихымен байланысты бірнеше басылымдар мен арнайы әзірленген фильмдер табыс етілмек. Сапар барысында Семей және Қызылорда мемлекеттік университеттері арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттар алмасу мәселесі де көтерілмек.

Асқар Құмар

Осы айдарда

Back to top button