Мәдениет

Семейде «Өнерқұдірет» атты жастар театры ашылды

Семейде «Өнерқұдірет» атты жастар театры ашылды

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттерінің бастамасымен «Өнерқұдірет» атты жастар театрының іргетасы қаланды.
Жақында жас театр ұжымы қалалық мәдениет сарайында көрермен қауым назарына Қанат Жүнісовтің «Студенттер хикаясы» атты пьесасын ұсынды. Аталмыш пьесаның сахналануына 16 мен 19 жас аралығындағы студенттер қатысты. Қойылым жоғарғы курс студенттерінің бірінші курс студентіне көрсеткен өктемділігін, сол қызықты шақтағы махаббат сезімін бейнелейді.
Комедия жанрындағы қойылым көрермен көңілінен шықты деуге болады. Пьесаны қоюға қатысқан жас әртістер өз рөлдерін асқан шеберлікпен орындап шықты. Қойылым режиссері колледж ұстазы Ақерке Досымбаева екенін айта кеткен жөн.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button