Жаңалықтар

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады

Бұрынғы Семей сынақ полигонында ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Didar ақпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Заңға сай бұрынғы Семей сынақ полигонында ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамту, сондай-ақ бұрынғы полигон жерлерін шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады. Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және экологиялық сараптама нәтижесі бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

Сондай-ақ заңда бұрынғы Семей полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда «Семей ядролық қауіпсіздік аймағын» құру, радиоактивті ластанудың таралуын шектеу, полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату, радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу мәселелері қарастырылған.

Осы айдарда

Back to top button