Семей медицина университеті алпысқа толды
Семей мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойы аталып өтті. Оған Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төрегелді Шарманов бастаған қонақтар қатысты.
– Алпыс жылда жеткен жетіс-тіктеріміз өте көп. Әр жылдары білікті ғалымдар басшылық жасап, мы-ғым ұжымның жұмысы ширай түскен университет кеңестік кезеңнің өзінде ауызға жиі ілігетін оқу орындары-ның қатарында еді. Техникалық-материалдық базасын сақтап, білікті маман даярлаумен болды. Өзінің клиникалық базасы қалыптасты. Павлодар қаласында филиалы ашылып, ол да ел сенімінен шығып отыр.
Университет түлектері білікті мамандар ретінде жоғары сұранысқа ие.
Оқу үрдісі үш тілде жүргізіледі. Қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде дәріс беріліп, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдерден келген студенттер білім алып жатқан шетел бөлімі жұмыс істейді. Өскемен қаласында да университеттің филиалы ашылды, – деді университет ректоры Төлебай Рақыпбеков.
Мерейтойда университет ұжымын академик Т.Шарманов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков, Семей қаласының әкімі А.Кәрімов және тағы басқалар құттықтады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы үздік медицина қызметкерлері төс-белгілермен марапатталды. Жапония, Финляндия, Ресей және Қырғызстаннан келген ғалымдар өз құттық-тауларын жеткізді.
Семей