Оқиғалар
Сібір еліктерін атқан үшеу ұсталды
Зырян аудандық полиция қызметкерлері сібір еліктерін заңсыз атқан үш ер азаматты ұстады.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тәртіп сақшыларына Кутиха ауылынан 12 шақырым жерде белгісіз үш адам заңсыз аң аулауға әзірленіп жатқаны туралы ақпарат берген. Айтылған жерге дереу жеткен полицейлер қар үстінде жатқан екі еліктің тұтас еті мен 16 калибрлі аңшы қаруын тапқан.
Алдын ала анықтау бойынша келтірілген шығын мөлшері 350 мың теңгені құрайды. Қазір браконьерлік жасаған үш күдікті қолға түсіп, тексеру жүруде. Күдіктінің біреуі бұрын заңсыз аңшылықпен айналысқан көрінеді.
Шығыс-Ақпарат