Оқиғалар

Сағыр тұрғындарының шөбін өртеген азамат ұсталды

Жақында Ұлан аудандық ішкі істер бөліміне Сағыр ауылында тұратын А. деген азамат белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы мәселемен келді.

Сағыр тұрғындарының шөбін өртеген азамат ұсталдыАталған ауылда 19 қараша күні шамамен түнгі сағат 1-лер шамасында шөпті әдейі өртеп жіберу нәтижесінде алты тоннадай шөп өртеніп кеткен еді. Аталған факті бойынша аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан жедел тергеу тобы құрылып, топтың оқиға орнына келу барысында ол маңнан жылқы тұяғының ізі анықталды.

Бөлімдегі уақытша ұстау изоляторының жүргізушісі, полиция старшинасы Е.Қалиев жылқының ізіне түсу арқылы жұмыссыз, бұрын сотталмаған Б. деген азаматтың үйіне барған. Ал оны тінту кезінде кеудешесінің қалтасынан оқ-дәрі табылған. Жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде Б.-ның мойындау түсініктемесін беруіне байланысты азамат А.-ның шөбін осы азамат өртеп жібергені және тергеуалды тексерісі барысында оның Сағыр ауылындағы бірнеше үйдің шөбінің өртке орануына қатысы бары анықталды.

Қылмысты ізін суытпай ашу кезінде жоғары кәсібилік көрсеткені үшін уақытша ұстау изоляторы айдауыл қызметі тобының полицей-жүргізушісі Ернар Қалиев Ұлан аудандық ішкі істер бөлімі басшылығының ақшалай сыйлығымен марапатталды.

Г.Қамзина,
аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы

Ұлан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button