Сайлау-2023

Дауыс беруге келген жастардың қарасы көп – Өскемен

Өскемендегі №32 учаскеде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Жас техниктер станциясында дауыс беріп жатқан жастардың қатары мол.
Аға буын өкілдері бұл үрдіске ерекше риза екендіктерін жеткізді.

– Мен әрқашан белсенді азаматтық ұстаным жағындамын. Жалпы, біздің қатарластырымыз көптеген ірі елдік істердің куәсі болды, сондықтан болар мұндай іс-шараларға жауапкершілікпен қарайды. Алайда мен осы жолы дауыс беруге келген жастар көп екенін байқап отырмын. Бұл қуанышты жаңалық. Себебі жаңа бастамалар, тың идеялар, өзгерістер қашан да жастардың қатысуымен болады, -дейді қала тұрғыны Любовь Аненькова.

Еске салайық, бүгін ел тұрғындары Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына үміткерлерге дауыс беріп жатыр.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button