Сайлау-2023

Сайлау күні 17 бала дүние есігін ашты – ШҚО

Мемлекетіміздің болашағын айқындайтын тағдыршешті таңдаулар жасалған 19 наурыз күні Шығыс Қазақстанда 17 сәби жарық әлемнің есігін ашты.

Биылғы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау осы күні босанған аналардың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Саяси науқан күні туған 17 нәрестенің сегізі – ұл, тоғызы – қыз.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлық санаттағы азаматтардың дауыс беруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Ал перзентханадағы әйелдердің дауыс беруі үшін сайлау учаскесі ауруханалардың ішінде ұйымдастырылған.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button