Сайлау-2023

Сайлау барысы халықаралық ұйымның назарында

Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға Ұлан ауданының тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Жергілікті жұрт таңғы сағат 7-ден бастап сайлау учаскелерін бетке алды.
Аудандағы №986 және 1165 сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Тұрғындардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Саяси науқанның әділ, заң талаптарына сай өтуін қоғамдық ұйымдардың, партиялардың байқаушылары жіті қадағалап отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының  өкілдері де арнайы келіп, сайлаудың өту барысын көзбен көріп жүр.
– Біз еліміздің жарқын болашағы, Қазақстанның өсіп-өркендеуі үшін, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жайлы өмірі мен әділетті қоғам үшін дауыс беріп жатырмыз, – дейді өз таңдауын жасаған ұландықтар.
Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button