Жаңалықтар

Сарбаздарға жарақаттың алдын алу дәрісі өткізілді

Қыркүйек айында Өскемен гарнизонының әскери бөлімдерінде “Жарақаттың алдын алу” айлығы өтті.

Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі ҚР Әскери полиция Бас басқармасының 2023 жылдың қыркүйек айындағы әскерлер қызметі бойынша негізгі іс-шаралар жоспары негізінде “Жарақаттың алдын алу” айлығын өткізді.

“Жарақаттың алдын алу” айлығы әр жауынгерге өзінің және қасындағы әріптесінің өміріне, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жарақаттардың алдын ала отырып әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

-Аталмыш айлық аясында Өскемен гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілерімен қызмет атқару барысында және жауынгерлік, спорттық даярлық сабақтарын өткізу барысында, сондай-ақ техникаларды қамтамасыз ету кезінде және шаруашылық жұмыстар атқару кезінде қауіпсіздік шараларды сақтау жөнінде сабақтар өткізілді, – деп атап өтті Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімшесінің бастығы майор Нұржан Келісұлы.

Жарақаттың алдын алуға арналған сабақтарда сарбаздарға әскери қызметте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көптеген шарттары түсіндірілді. Яғни, сарбаздарға ашық ауада сабақ өткізу кезінде әскери қызметшілердің жабдықтарды дұрыс қолдануы және жарақаттанудың, уланудың алдын алуы жөніндегі іс-шаралар туралы айтылды. Ату құралдарын, әскери техникаларды  пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері ескертілді. Қолайсыз метеофакторлардың әсерінен болатын апаттық жағдайларда жарақаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуы баяндалды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button