Мәдениет

Сақ ханшайымының жасы анықталды

Сақ ханшайымының жасы анықталды

Осыдан екі жыл бұрын Үржар ауданынан табылған сақ ханшайымының жасы анықталды. Сарапшылардың айтуынша, әйел қолбасшы біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүрген.
Сүйекті зерттеу үшін қазақстандық және шетелдік археологтар мен реставраторлар көп еңбектенген. Сақ патшайымымен бірге жерленген заттар мен киім-кешектер де зерттеліп, қайта қалпына келтірілуде. Реставратор Қырым Алтынбековтің сөзіне сүйенсек, археологтар табылған жәдігерлерді зерттеу мақсатында Мәскеудегі Эрмитажға өткізген. Нәтижесінде ханшайымның бас киімінен самұрық құстың бейнесі анықталған. Мұндай сурет осыған дейін бірде-бір қазба жұмыстарында кездеспепті. Ал бас киімнің өзі қызыл жібектен жасалса, киімі аң терісінен тігілген. Зерттеушілердің айтуы бойынша, ерекше киіммен, барынша сән-салтанатпен жерленген сақ ханшайымы 40-45 жас шамасында жерленген көрінеді. Қорымнан алынған топырақты қазір американдық сарапшылар да зерттеп, ханшайымның жасын дөп басып айтуға тырысып жатыр.
Бүгінгі таңда табылған тарихи заттарды зерттеу жұмыстары аяқталып, қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан кейін экспонаттар Ұлттық мұражайға тапсырылады.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button