Оқиғалар
Үржарда 200-ге жуық мал аусыл жұқтырған
Үржар ауданында аусыл ауруы таралуына байланысты карантин жарияланды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент өкілдерінің хабарлауынша, мамыр айының 9-15 аралығында Үржар ауданы, Ақшоқы ауылдық округінде 199 бас мүйізді ірі қара малдан аусылдың белгілері анықталды.
Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референт орталығында жүргізілген зерттеу нәтижелері тексеру алынған 32 бас малдан аусылдың вирусы табылғанын көрсеткен.
Қазір Ақшоқыға кіреберісте карантиндік шектеулер мен бекеттер қойылған, үйдегі малдардың ары-бері қатынауы тоқтатылып, дезинфекциялық барьерлер орнатылған.
Шығыс-Ақпарат