Экономика

Құрылыс жұмыстары кестеден кешігіп жатыр

Құрылыс жұмыстары кестеден кешігіп жатырКеше облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтыңтөрағалығымен өңірдегі құрылыс саласының өзекті мәселеле-ріне арналған мәжіліс болып өтті. Облыстық прокуратура мен қаржы полициясының басшылығы қатысқан аталмыш жиында салаға бөлінген бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуы қарастырылды.
Құрылыс саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Айталық, биыл облыс аумағында 87 әлеуметтік нысан салынып жатыр. Оларға мемлекет қазынасынан шамамен 17 миллиард теңге бөлінген.

– Өкінішке қарай, құрылыс қарқынының баяу жүруі, бел-гіленген кестеден кешігуі қаржының дер кезінде игерілмеуіне әкеліп соғуда. Сол себепті, қаражатты тиімді пайдаланып, нысандарды жыл соңына дейін аяқтау қажет, – деді жиын басында аймақ басшысы.

Жалпы, соңғы 5 айдағы көрсеткіштерге сүйенсек, саладағы қаржының игерілуі жаман емес. Тек құрылыс мерзімдері бұзылуда. Бұл ретте қадағалаушы мекемелер өз қызметтерін дұрыс атқармай келеді. Техникалық және авторлық қадағалау органдарының мамандары нысандарға барып, жұмыс барысын ұдайы тексермейді.

– Егер қадағалаушы органдар кемшіліктерді тапсырыс берушілерге уақытында хабарлап отырса, мұндай мәселелер болмас еді, – деген облыс әкімі соңғы кездері прокуратурамен және қаржы полициясымен қозғалған құрылысқа қатысты қылмыстық істердің саны көбейгенін, десек те, жа-уапты тұлғалардың бұдан тиісті сабақ ала алмай жүргенін атап көрсетті.

Жиында мемлекет қаржысының өзге мақсаттарға жұмсалуына жол бермеу, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде нақты шаралардың қолданылатыны айтылды. Облыстық әкімдік саладағы жекелеген проблемалық жағдайларды түбегейлі анықтамақ. Өз ісіне салғырт қараған мердігерлермен келісімшарттар бұзылып, олардың басшылары заңнамаға сай жазаға тартылатын болады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button