Заңсыз аңшылық

Рұқсатсыз елік аулаған серебрянкалық азамат ұсталды

Ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында “Өскемен – Рахман қайнары” тас жолы бойында облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының 4 взводының полиция қызметкерлері Серебрянка қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы “УАЗ” автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз бір қап ет және екі жұп тау шаңғысы табылды.

– Жүргізуші үйіне бара жатқанын және бұл еліктің еті екенін, сондай-ақ жануардың етін өзі бөлшектегенін айтқан. Оның күртешесінің сол жақ қалтасынан суық қару (пышақ) табылды. Сонымен қатар көлікте 1976 және 2000 жылы туған тағы екі ер адам болған. Жолаушылар  Серебрянка және Алтай қалаларында тұратыны анықталды, – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жүргізуші мен жолаушылар одан әрі тексеру үшін Бұқтырма кентіндегі полиция бөліміне жеткізіліп, ҚР ҚК-нің 337-бабы, 3-бөлігі бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды

 Дәурен Аллабергенұлы

Back to top button