Заңсыз аңшылық

Өскемен тұрғыны жабайы қабанды атқан

Ақпан айының соңында Алтай аудандық полиция бөліміне Ермаков ауылының маңында қарда жүретін көлікпен адамдар жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Хабар беруші бұл маңда заңсыз аң аулаушылар жүр деп пайымдаған.

Айтылған жерге келген полицейлер Ермаков ауылынан жабайы қабанның еті мен жануардың тұяғын, 7,65 калибрлі «Сайга» карабинін және 14 дана 7,62*39 калибрлі патрондарды тапты. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-тергеу тобының қызметкерлері Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, ол өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәурен Аллабергенұлы

Back to top button