Өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Ұлан ауданы, Сағыр ауылындағы алты үйдің қысқы мал азығы өртенген. Жаппай етек алған бұл жағдайға байланысты сағырлық тұрғындармен жиын өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев, аудан прокуроры А.Берсінбаев және аудандық ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар және ішкі істер бөлімдерінің бастықтары қатысты.
Ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған мәселе бойынша сөз сөйлеген А.Берсінбаев жұртшылыққа Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіріп, белгілі органға арыз беру мен оны қабылдау, мүлікті ерікті сақтандыру мәселелеріне тоқталса, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ғ.Ақаев мал азығын сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қадағалау ережелері мен өрт шыға қалған жағдайда жасалатын шұғыл іс-әрекеттерге тоқталды.
Сағыр ауылының тұрғындарынан ерікті жасақтар құрып, мал азығы сақталатын жерлерді түнгі мезетте бақылауға алу, жарықтандыру және өрттен зардап шеккен отбасыларына халық болып, көмек көрсету туралы шешім қабылданды.