Жаңалықтар

Өңірімізде күн күрт суытады

Шығыс Қазақстанға суық келе жатыр. Бұл туралы кеше «Қазгидромет» мемлекеттік метеоқызметі хабарлады.

Өңірімізде күн күрт суытадыҚыркүйектің 4-6 жұлдызында түнде кей жерлерде ауа температурасы Цельсий бағанасы бойынша -0-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сәрсенбі күні жасалған «Қазгидромет» мәлімдесінде осылай деп айтылған. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы да тамыз айының соңына қарай өңірімізде күн райы күрт бұзылып, ауа температурасы айтарлықтай төмендеген болатын.

Биылғы жаз былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жылы және жайлы болғанын байқадық. Жауын-шашын мөлшері аз болғанымен, ауылшаруашылығы өнімдері ойдағыдай жиналды. Метеоқызметтің хабарламасында ауа температурасы күрт төмендейтіндіктен, тұрғындардың оған дайын болуы жайында ескертілген.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button