ТОП

«Рингтегі шенеуніктер – 2»

Шығыс өңірі кейінгі кезде көпшілікті тұмса табиғатымен ғана емес қит етсе, жұдырығын ала жүгіретін шенеуніктерімен де таңғалдырып жүр. Естеріңізде болса біз осыған дейін аймақтың шенеуніктері арасындағы шулы «жекпе-жектер» жайлы жазған болатынбыз. Олардың кейінгісі Әділет департаментінде болған. Бұл туралы департаменттің инспекторы өзі баяндап берген. Жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында Полиция департаментіне хат жолдаған едік. Келген жауап мынадай:

«Әділет департаментінің инспекторы Жанат Қадырбеков бөлім басшысы дене жарақаттарын келтірді деген шағыммен бізге жүгінді. Аталған факт бойынша өтініш берушіге сот медициналық сараптамадан өтуге жолдама берілді. Тексеріс кезінде дене жарақаттары анықталмаған. Сот медициналық сараптамадан өткен инспектор бірінші қалалық аурухнаға жүгінген. Мамандар «мұрынның жұмсақ тіндерінің ісінуін бүркемелейтін мұрын жарақаты» диагнозын қойған».

Ал рентгенограмма нәтижесіне сенсек, мұрын қырының проекцияларында жарақаттық өзгерістер байқалмаған.

«Бүгінде медициналық мекемелерден алынған анықтамаларға сәйкес Өскемен қаласының Үлбі ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы Ж.Т.Қадырбековтің денсаулығына келтірілген зақымның дәрежесін анықтау үшін «ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филлиалы ШҚО бойынша Сот сараптамалар институтына жолдама берілді», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама нәтижесі шыққан соң заң аясында шаралар қолданылады.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button