Сайлау-2023

Риддерлік жас споршылар алғаш рет дауыс берді

Риддер қаласында 18 жастағы егіз жігіт тұңғыш рет дауыс берді. Архип пен Захар Цыганковтар еліміздің болашағы білімді де жігерлі жастардың қолында екеніне сенімді.

– Біз сайлауға бірінші рет қатысып отырмыз. Болашағымыз үшін сайлау учаскесіне келдік. Ал еліміздің болашағы біздің таңдауымызға байланысты. Тіпті бір адамның дауысы көп нәрсені шешеді. Өз дауысымызды бере отырып біз өзіміз үшін кішкене қадам жасаймыз, бірақ бұл бүкіл ел үшін үлкен қадам, – деп санайды олар.

Жастар волейболмен айналысады, әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары. Сонымен бірге олар оқуды да жақсы оқиды, қоғамдық өмірге де белсене араласады.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button