Жаңалықтар

Риддерге жаңа әкім тағайындалды

Риддер қаласының әкімі болып Дәулет Батырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Дәулет Бахитұлы 1976 жылы туған (47 жаста). Екі жоғары білімі бар.

Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарған. Сондай-ақ Ұлан, Бесқарағай аудандарын басқарып, кен өнеркәсібі кәсіпорындарында, мемлекеттік басқару органдарында тәжірибе жинақтаған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Риддер қаласының әкімі қызметіне тағайындалмас бұрын «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Осы айдарда

Back to top button