Жаңалықтар

Риддердің көшелерін кеңейту жоспарлануда

Риддердегі Абай даңғылы көліктер үшін келеңсіз болып тұр.

Аталмыш мәселені шешу үшін көшені кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Қазір жүргізушілер көшедегі қолайсыздықты сезінуде. Өйткені бір бағытқа тек бір жолақпен ғана қозғалуға болады. Жүк көлігі немесе арнайы техника келе жатса, олардың артында машиналар тізіліп қалады. Біз осындай жағдайды жиі көреміз. Менің ойымша Абай даңғылын кеңейтіп, әр бағытта екі жолақты ұйымдастыру қажет, -дейді Риддер әкімі Дәулет Батырбаев.

Айта кетелік, көшені кеңейту жобасы әлі әзірленбеген, бірақ бұл жұмыстар жақын араға жоспарланған.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button