Жаңалықтар

Риддердегі төтенше жағдай аймақ басшылығының бақылауында

Риддер қаласында төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 

Жедел жұмылдырылған күштер аулалар мен тұрғын үйлерге жайылған суды мотопомпалармен сорып алып, аулаларды техниканың көмегімен қар мен мұздан тазартты. Енді үйлердің іргетасын кептіруге кірісті. Бұл аралықта егер қажет болса тұрғындар уақытша паналайтын баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев судан жапа шеккен тұрғындармен тілдесіп, келтірілген шығын өтелетінін айтты. Құзырлы органдар қазір болған оқиғаның себеп-салдарын тексеріп жатыр.

 

– Егер бұл табиғи жағдайдың әсерінен болса, онда тағы қайталанбауы үшін іс-әрекет жоспарын ойластыру керек. Бұндай жағдайлар жыл сайын қайталана бермейді ғой. Мәселені шешудің барлық жолдарын қарастырамыз және ішінен ең тиімдісін таңдап, қаржы бөлу керек. – деді өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Естеріңізге сала кетейік, өзен суы деңгейінің көтерілуінен Риддер қаласында алты үйдің ауласын, оның ішінде екі үйді су басқан. Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев шұғыл түрде жетті. Ол жерде қазір жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Осы айдарда

Back to top button