Жаңалықтар

Риддерде тұрғын үйлердің ауласына су жайылды

Желтоқсанның 8-і күні “ЛК ГЭС” ЖШС су ағызу көлемін арттыруы салдарынан Хариузовка өзені арнасынан асып, Риддер қаласындағы Киров көшесінде, сондай-ақ Усть-Каменогорский, Хариузовский қысқа көшелерінде орналасқан алты жеке тұрғын үйдің ауласына су жайылды. 

Оның ішінде екі тұрғын үйдің ішіне су кірген (су деңгейі 40 см), деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Осы оқиғаға байланысты Риддер қаласының ТЖБ мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері халықты хабардар етті. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау қажет болған жағдайда іске қосатын күштер мен құралдар дайын тұр.

“ЛК ГЭС” ЖШС қызметкерлері суды ағызу көлемін азайтты. Жағдай бақылауға алынды. Риддер қаласын сумен, жылумен және электрмен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе жоқ, толық көлемде іске асырылып жатыр.

Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, жедел штаб ұйымдастырды.

Осы айдарда

Back to top button