Қоғам

Риддерде тағы үш тұрғын үй пайдалануға беріледі

Риддерде тағы үш тұрғын үй пайдалануға беріледі

Риддер қаласында моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында 2014 жылдың соңына дейін 60 пәтерлі үш тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Анастасия Абдрашитованың айтуынша, сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Островский көшесіндегі тағы бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл бұрынғы Аймақтық даму министрлігіне моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес төрт 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыру туралы түскен өтінімдер қанағаттандырылып, осы мақсатқа 2015 жылы қаржы бөлу қарастырылыпты. Бұған қосымша облыстық бюджеттің есебінен тағы бес 60 пәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл баспаналар жалға беріледі де, тек бес жыл өткен соң ғана жекешелендіруге жатады екен.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Островский көшесі, 34 мекенжайда құрылысы аяқталған 60 пәтерлі үйден 55 жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған жастарға баспана кілті табыс етілген-ді.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button