Оқиғалар

Риддерде үш мың текше метр көшкін жүрді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Риддерге жақын таулардың бірінде үш мың текше метрді құрайтын қар көшкіні жүріп, оның бір бөлігі Громотуха өзенін бөгеп тастаған.

Риддерде үш мың текше метр көшкін жүрдіСоның салдарынан қалада суық судың берілуі шектелді. Тұрғындар мен мекемелерге су көліктермен жеткізілуде. Төтенше жағдай толық бақылауға алынып, тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Дегенмен, департамент мамандары облыс аумағындағы таулы жерлерде әлі де болса көшкін түсу қаупі жоғары екенін айтып, Катонқарағай, Зырян, Көкпекті аудандарындағы, Өскемен – Таулы Үлбі – Северное бағытындағы жолдарда абайлап жүру керектігін ескертеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button