Жаңалықтар

Риддер ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-ға барып, жылу көзінің жұмысын тексерді.

 

Күннің суып, аяздардың басталуына қарамастан орталық қалыпты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ЖЭО-да ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын, ол жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін қысқа мерзімде аяқталды. Қазіргі уақытта барлық жабдықтар жұмыс істеп тұр, бұзушылықтар мен ақаулар жоқ. Өңір басшысы басқарушы компания мен қала басшылығына жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Ермек Көшербаев қалада болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын тұрғындармен тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Мұндай өзара әрекеттестік көптеген ықтимал мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Осы айдарда

Back to top button