Өндіріс

Республикалық көрсеткіштің оннан бірін құрайды

Өткен жылы Шығыс Қазақстанның өндіріс ошақтары өндірген өнімдер республикалық көрсеткіштің 9,5 пайызын құрады.

Облыстық Статистика департаментінің хабарлауынша, өңірдің өндірістік өнімдерінің үлкен бөлігін қайта өңдеу өндірісі құрайды. Екінші орында тау-кен өнеркәсібі мен кен орындарын игеру болса, үшінші орында электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету салалары жайғасты.

Өткен жылы облыстың тау-кен өнеркәсібінде көмір өндіру үш пайызға, металла рудаларын қазу – 3,2 пайызға, ал басқа пайдалы қазбаларды өндіру 10,1 пайызға ұлғайған. Ал қайта өңдеу өнеркәсібі саласында машинажасау, металлургия мен металл емес материалдарды жасау көлемі артты.

 105 млрд. теңгеден асып жығылатын көлемде өнім көрсеткішін көрсеткен электр энергиясымен, газбен және ыстық сумен қамту салалары былтыр біраз төмендеді. Атап айтсақ, өткен жылы электр энергиясын бөлу және беру көрсеткіші 2,6 пайызға азайған. Сондай-ақ, көрсеткіштердің төмендеуі сумен қамту, қалдықтарды қайта өңдеу салаларында да байқалған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл бағыттағы көрсеткіштер 6,2 пайызға төмендеді.

Статистика қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс бойынша өндірістік өнімдерді ең көп өндірген өңірлерге Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Аягөз, Жарма, Бородулиха Шемонаиха аудандары жатады.

Осы айдарда

Back to top button