«AMANAT»

Референдум – әділетті Қазақстанды құрудың бастамасы

Ержан Әбіш

Мемлекеттік жүйені түбегейлі өзгертетін конституциялық референдум – әділетті Қазақстанды құрудың бастамасы. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызын азаматтарға түсіндіру мақсатында аймақтық кәсіподақ ұйымыөкілдерімен кездескен Amanat партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған өңірлік штаб мүшелері осылай деп мәлімдеді.

Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін конституциялық референдум жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткелі отыр. Бұл – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының жүзеге асуы.

– Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Партиялық жүйені дамыту, олардың мүмкіндігін кеңейту мақсатында партияны тіркеу талабы 20 мыңнан 5 мың адамға азаяды. Өңірлік өкілдіктер саны 600-ден 200-ге, бастамашыл топ саны 1 мыңнан 700-ге қысқарады. Бұның бәрі – әділетті Қазақстанды құрудың алғышарты, – дейді өңірлік штаб мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Инесса Чернышева.

5 маусымда өтетін референдумда Ата заңдағы 98 баптың 33-і өзгермек. Конституцияның жаңарған нұсқасында мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге, квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, құқық қорғау саласына маңызды өзгерістер енгізіледі.

– Айталық, Конституциялық сот құрылады. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау үшін жасалуда, – дейді штаб мүшесі, «Атамекен» палатасы облыстық филиалы директорының орынбасары Бекжан Жұмакишев.

 

Осы айдарда

Back to top button