Қоғам

Қысқа-нұсқа

Өскеменде қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлады.

27 маусымда қатты желден  шаһарда коммуникация сымдары үзіліп, ағаштар құлады. Гагарин бульвары, Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Екі жағдай бойынша тексеру жүруде.

Өскеменде автобустардың 30 пайызы техникалық регламент талаптарына сай келмейді.

Қалада 300-ден астам жолаушы автобусы бар. Оның отыз пайызында зиянды заттар шығарындылары рұқсат етілген шекті мөлшерден асып тұр. Сондай-ақ көліктер кейде сапасыз жанармайды да пайдаланады.

Өңірде аюлардың үй шаруашылығына шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті.

Облыста 3021 аю бар. Маусымда олар Глубокое ауданы, Степной ауылы маңындағы омарталарды төрт рет қиратқан, Топиха ауылында да осындай жағдай болған. Бұл жануарды өлтіру – қылмыс. Сондықтан омарташылар қорғансыз қалып отыр.

Осы айдарда

Back to top button