Қоғам

Қысқа-нұсқа

Өскеменде жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен секірмек болған 23 жастағы жігіт құтқарылды.

29 шілде күні түнгі уақытта 112 қызметіне қоңырау шалған азамат Спорт сарайы маңындағы жерүсті өткелінің шатырына шығып алған белгісіз біреудің суицид жасауға оқталып жүргенін хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар жігітті әңгімеге тартып, ұстап үлгерді.

1 тамыздан бастап Өскеменде трамвай жолақысы қымбаттайды. Алайда әлеуметтік топқа жататын жолаушыларға арналған барлық жеңілдіктер сақталмақ.

Қазір трамвайда көлік картасымен немесе Kaspi.kz қосымшасымен төлеген кезде жолақы – 80 теңге. Енді жол жүру ақысы 90 теңгеге көтеріледі. Баға электр энергиясы мен судың қымбаттауына байланысты өзгеріп отыр.

Жақында Өскеменнің 19-шы шағын ауданында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жаңа саябақ ашылады. Ол Ана мен бала орталығының жанында орналасқан.

Саябақ ортасында Сағадат Нұрмағамбетов ескерткіші орнатылған. Айналасында төрт субұрқақ бар, екеуі – музыкалық. Сондай-ақ  саябақтың жанында үлкен автотұрақ салынған. Көп ұзамай саябақтағы барлық жұмыстар аяқталады.

Осы айдарда

Back to top button