Құрылыс

Құрылыс ауылдарда да қарқын алмақ

Тек осы тамыз айында өңірімізде 16,7 мың шаршы метр үй пайдалануға берілмек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,8 пайызға артық. Ал  жылдық өсім – 126%. Бұл туралы тұрғын үй құрылысы мәселесі талқыланған жиында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

Халықтың жеке үй салуға ниеті зор, сондықтан аймақ басшысы барлық инфрақұрылымы бар учаскелерді талдап, келешегі бар аумақтарға коммуникация тартуға кететін бюджет шығынын есептеуді тапсырды.

– Ауылдарда баспанаға мұқтаж 156 көпбалалы және аз қамтылған отбасы тұрады. Халықтың осы санаты үшін төрт түрлі үй жобасын дайындап, оларды салуға әзір компаниялармен келіссөз жүргізу қажет, – деп міндеттеді облыс әкімі.

Ай соңында келер жылғы үй құрылысының барлық түрлері бойынша нақты деректер мен сандар нақтыланады. Атап өтерлігі, үйлер коммерциялық, жалдамалық, бюджеттік, жекеменшік, сондай-ақ «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясындағы деп бөлінеді.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button