Шағын кәсіпкерлік

Қайтарымсыз грантпен кәсіп бастады

Тарбағатай ауданында жеке бизнесін ашуға ниеттенген азаматтар мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда.

   Осындай талапты жанның бірі Ақсуат ауылының тұрғыны Эльмира Жұмағазыева кондитерлік өнімдер дайындауды қолға алды. Азаматтарды кәсіпкерлік негізге оқытып, мемлекеттік грант беруде «Еңбек» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы өз тиімділігін көрсетті.

     «Былтыр осы грант туралы естіген соң мұндай мүмкіндікті пайдалану керек қой деген ойға келдім. Сөйтіп,   жұмыспен қамту орталығына барып, құжаттарымды тапсырдым. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өттім. 2021 жылдың желтоқсан айында 583 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Бұл қаржыға екі конвекционды пеш және планетарлы миксер сатып алдым. Тапсырыстар жиі түседі. Тәттілерге, торттарға, тарйфл, капкейктерге сұраныс жоғары. Күніне кейде екі, кейде  үш-төрт торттан дайындаймын»,-дейді жас кәсіпкер Эльмира Жұмағазыева. Ауылда той-томалақ, туған күн секілді мерекелік іс-шаралар көп екенін ескерсек, Эльмираның бір күн де бос отырмайтындығын аңғаруға болады. Оны өзі де растап отыр.

       Тарбағатай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының»  директоры Ғалымжан Нұғиевтың айтуына қарағанда, аудан шеңберінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыспен қамту мәселелері ерекше назарда. Мәселен, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқу крустарына облыстық бюджеттен 57 млн. 225 мың теңге бөлініп, 197 азамат  үш оқу орталығы арқылы 11 түрлі мамандық игеріп шыққан. Бағдарламаның екінші бағатымен бизнес идеяларын іске асыру үшін 124 адам 72 млн. 341 теңгенің қайтарымсыз грантын алған. Оның 29-ы көпбалалы отбасынан, 22-сі аз қамтылған жанұядан, 8-і мүмкіндігі шектеулі жан, 25-і 29 жасқа дейінгі жастар, 34-і жұмыссыздар қатарынан, 4-уі атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар,  2-уі өзге аймақтан қоныс аударушы. Бағдарламаның үшінші бағытымен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 9 млн. теңге бөлініп, 39 адам 30 шаруа қожалығына жіберілген. Тағы 39 адам жастар іс-тәжірибесінен өткен. Алғашқы жұмыс орны арқылы 3 адам орналастырылған. 247 адам қоғамдық жұмысқа жолданса, ауданымызға оңтүстік өңірден 9 отбасы, яғни, 23 адам қоныс аударған.

       Кез келген елдің экономикалық да­муында шағын және орта кәсіп­кер­ліктің алар орны ерекше. Бұл сала да­мыса, ел де жақсы өркендейтіні белгілі.  Сон­дықтан кәсіпкерлікті қолдау біздің ел­дің де басымдық берген салала­ры­ның біріне айналып отыр. Оның үстіне бизнес бастаймын деген кәсіпкерлерге берілетін грант 1 млн. 225 200 теңгеге дейін көтерілмек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім еткен болатын. Бұған дейін 200 АЕК көлемінде берілген көмек енді екі есеге, яғни, 400 АЕК-ке жоғарыламақ.

 Ерлан Бапанов, ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ.

Осы айдарда

Back to top button