Спорт

Қарсылас шақ келтірмеді

Таяуда  Семей қаласында шағын футболдан 2009-2010 жылдары дүниеге келген  жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп, оған аймақтың әр түкпірінен спортшы жастар қатысып, жүлделерді сарапқа салды.

Аталмыш республикалық сайыста Аягөз спорт мектебінің футболшы жасөспірімдері қарсылас шақ келтірмей, тамаша ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде олар жеңіс тұғырына көтеріліп,  I орынға ие болды. Сондай-ақ  жарыс соңынан әртүрлі номинациялар бойынша жүлдегерлер де анықталған болатын. Мәселен, Аягөз спорт мектебінің шабуылшысы Әлімжан Ақышев  осы турнирдің ең үздік ойыншысы  атанды.

Бұл Еркін Юсупов басқарып отырған Аягөз аудандық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үшін зор абырой болды.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

 

 

Осы айдарда

Back to top button