Жаңалықтар

Пробациялық бақылаудан жасырынған екі сотталған азамат ұсталды – ШҚО

Глубокое ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері істі болып, пробациялық бақылаудан жасырынған шартты түрде сотталған екі тұрғын ұсталды.

Оларға 2022 жылы Өскемен қаласының №2 соты Глубокое ауданының 32 жастағы тұрғынын ұрлық жасағаны үшін 3 жыл және 6 ай бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған болатын, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Істі болған азаматтар сот үкімін елемей, пробациялық бақылаудан қасақана жасырынғандықтан іздеу жарияланған.

-Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оны Өскемен қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстаған. Екінші есептегі тұлғаны да жедел уәкілдер Глубокое ауылында жалдамалы үйден ұстады. Іздестірудегі адам ҚР ҚК-нің 191 бабы (Тонау) бойынша шартты түрде жазасын өтеп жатыр, – дейді ШҚО ПД бастығы полиция Ерлан Омарбеков.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button