Жаңалықтар

Президент ШҚО-ның жаңа әкімін қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы кездесу  барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді3, деп хабарлайды Didar ақпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда,  азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Қатонқарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтып өтті.

Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді.

 

Осы айдарда

Back to top button