Қоғам

Премьер-министрдің орынбасары Шығыс Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Премьер-министрдің орынбасары Шығыс Қазақстанның құрметті азаматы атанды

10 желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың сессиясында жоғарыда аталған негізгі мәселелерден бөлек 11 қосымша мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Соның бірі «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беруге қатысты болды. Бұл атаққа облыстың бұрынғы әкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев та ұсынылып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, Өскеменнің түлегі, «Благовест» халықаралық қоғамдық қайырымдылық ұйымының төрағасы Зинаида Драгункина, «Қазцинк» ЖШС вице-президентінің кеңесшісі Валерий Доскалов, Семей қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашов, жазушы, журналист Сәдібек Түгел де облыстың Құрметті азаматтарының қатарын толықтырды.
Сессия соңында облыстық мәслихаттың қазіргі және бұрынғы шақырылымдарындағы бірнеше депутаты «Мәслихаттың 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Есімжан Нақтыбайұлы

Осы айдарда

Back to top button