Мәдениет

Полицейлер мереке ұйымдастырды

Полицейлер мереке ұйымдастырды
Кәсіби мерекелерінің қарсаңында облыс полицейлері өз қамқоршылығындағы мектеп оқушыларына арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Өскеменнің Крупская атындағы мектеп-интернатының бастауыш сыныптарында оқитын 120 балаға арнап тәртіп сақшылары тосын сый жасады. Спортзалына кіреберісте балақайларды мультфильм қаһармандары күтіп алып, орындарына жайғастырды. Іс-шара «Қауіпсіздік бағдаршамы» атты жол қозғалысы жас инспекторлары жасағының танымдық көрінісінен басталды. Жеткіншектер Облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлерімен бірге жол белгілері туралы айтып, балаларға қауіпсіздік шарттарын ұғындырды. Жас инспекторлар тақпақ және ән түрінде жолда жүру ережелерін түсіндірді. Полицейлер өздерінің жас көмекшілеріне естелік ретінде түнде жарық шағылыстыратын браслеттер таратты. Олар жүргізушілерге 150-200 метр қашықтықтан балақайды байқауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, полицейлер балаларға жол ережелерін сақтау қажеттігін айтып, жарық шағылыстырғыштар жайында әңгімелеп берді.
Полицейлер мереке ұйымдастырды
– «Балаларға күлкі сыйла» қайырымдылық акциясы полицейлердің ерікті жәрдемдері есебінен жүргізілуде. Акцияны каникул алдында өткізуді ұйғардық, Крупская мектебіне 10 жылдан астам қамқорлық көрсетіп келеміз. Жиналған қаржыға тәттілер, сыйлықтар аламыз, міндетті түрде көңіл көтеру бағдарламалары бар аниматорларды тартамыз, олар балалардың бәрін шараға қатыстырады. Балалардың жүзіндегі күлкі – біз үшін үлкен сыйлық, осы мерекелік шара олардың естеріңде ұзақ сақталып қалса екен, – дейді ІІД КЖБ бастығының орынбасары Марат Баяндинов.

Ержан ӘБІШ

Осы айдарда

Back to top button